Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Түркістан жинағының» 4 томының тұсаукесері өтті. Ғылыми еңбек оқу орны жанындағы Ж. Баласағұн атындағы Түркістан өлкесінің тарихын зерттеу орталығының «Түркістан жинағы» сериясы бойынша жарыққа шықты, деп хабарлайды zakon.kz ТарМПИ Ақпараттық-имидждік қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.
Жинақта 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне арналған 22 ғылыми мақалалар мен очерктер топтастырылған.
«Түркістан жинағы» – Түркістан өлкесінің (Орталық Азияның) көне дәуірден бүгінгі күнге дейінгі тарихына, әлеуметтік-экономикалық жағдайына, халықтарының мәдени өмірі мен тұрмыс-салтына және тағы басқа да көптеген мәселелерге арналған мақалалар жарияланған ғылыми жинақ болып табылады.
Кітап тарихшы мамандарға, студенттерге және магистранттар мен докторанттарға арналған.