Биыл пәтер тонау қылмысы көп

ҚР БП және басқа да органдар бірлесіп «Ұрлыққа жол жоқ!» жобасын кең ауқымда атқаруға бағыт алып отыр.
Биыл пәтер тонау қылмысы көп. Бұл туралы бүгін Астанада өткен «Қылмыстық құқық бұзушылық картасына» арналған брифингте ҚР Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитет Төрайымы Сәуле Айтпаева мәлімдеді, дейді BAQ.kz.

Оның айтуына қарағанда құқықтық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қабылданған шараларға қарамастан 2016 жылдың 10 айындағы көрсеткіш бойынша ұрлық жасаушылар саны өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда біршама өскен.

«Өткен жылыдың алғашқы 10 айы бойынша ұрлық жасау дерегі 6,3 пайызға өскен. Нақтырақ айтар болсам өткен жылы осы уақыт аралығында 174617 ұрлық жасау оқиғасы тіркелсе, биыл бұл көрсеткіш 185697-ге жетіп отыр. Мұның ішінде пәтер ұрлығы 22,4 пайызға, жұмыссыздар жасаған түрлі ұрлық әрекеттері 13 пайызға өскен» дейді Комитет Төрайымы.

Төрайымның айтуына қарағанда ұрлықтың көбеюі қоғамдағы күрделі қылмыстық жағдайдың салдарына қатысы жоқ.

«Бұл қылмыскерлердің немесе қылмыс жасаудың көбейгендігін білдірмесе керек. Керісінше құқық қорғау қызметкерлерінің табанды жұмыс жасап, сол арқылы жасалған қылмысты әшкерелеудегі белсенділігі деуге болады» - дейді Сәуле Айтпаева,

Сонымен бірге, ҚР БП және басқа да органдар бірлесіп «Ұрлыққа жол жоқ!» жобасын кең ауқымда атқаруға бағыт алып отыр.

Фото: www.inform.kz
Следите за новостями zakon.kz в: