Екібастұзда осыдан бір апта бұрын жоғалып кеткен екі жігіттің біреуі аман-есен үйіне оралса, екіншісі өлі күйінде табылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Бұл туралы агенттіктің жолдаған ресми сауалына берген жауабында облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.
- 2 қараша күні Екібастұз қаласының шетінде орналасқан суаттан зорлық белгілері бар Мақсұт Әділбаевтың денесі табылды. Аталмыш фактіге байланысты ҚР ҚК-нің 99- бабы, бірінші бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, тиісті сараптама тағайындалған. Сонымен қатар, осы қылмысқа қатысты деген күдікпен Екібастұз қаласының 1983 және 1985 жылы туған екі азаматты уақытша қамау изоляторына тоғытылды, - деді баспасөз қызметінде.
Естеріңізге сала кетсек, 24 қазан күні Екібастұз қаласында Мақсұт Әділбаев хабар-ошарсыз кеткен. Мақсұттың тәтесі Майра Түсіпбаеваның айтуынша, жігіттің мінезі жақсы, сабырлы және байсалды адам болатын. Ол МАЭС-та жұмыс істеген. Бұл күні түнгі кезектен шығып, біраз тынығып алғаннан кейін әдеттегідей серуендеп қайтамын деп шығып кеткен күйі қайтып оралмаған.
Келесі күні Мақсұттың әкесі жергілікті құқық қорғау органдарының көмегіне жүгінді. 1-қараша күні Мақсұтты іздеуге еріктілер, әріптестері мен туған-туысқандары қосылған болатын. Ал, 25 қазада үйнен шығып қайта келмеген 24 жасар Ілияс Сабыров үйне аман-есен оралған.
Назым Қарабаева
Фото: Рavlodarnews.kz