Қазақтың асыл тұқымды жылқылары Қытайға тасымалданады

Zakon.kz
Сиыр мен қой етін экспорттау бойынша Қытай жағынан бірқатар шектеулер бар.
Қазақтың асыл тұқымды жылқылары Қытайға тасымалданады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

ҚР Ауыл шаруашылығының министрлігі ветеринарлық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Олжас Аусабаевтың айтуынша, бүгінде осы мәселеге қатысты екіжақты xаттама рәсімделді. Ветеринарлық куәлікті алу ғана қалды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

-Біз жылқы тектес жануарларды тасымалдау бойынша арнайы xаттаманы рәсімдедік. Онда Қытай жағы өз талаптарын көрсетті. Жылқыны жеткізу кезінде біз сол талаптардың барлығын сақтауымыз қажет. Хаттама бар. Енді, ветеринарлық куәлікті алу қажет. Осыдан кейін біз өз жылқыларымызды Қытай еліне тасымалдауға кірісеміз. Әсіресе, Шығыс Қазақстан мен Алматы облыстары біздің асыл тұқымды жылқыларымызды көрші елдің нарығына жеткізуге мүдделі болып отыр, - деп атап көрсетті О.Аусабаев.

Оның айтуынша, бүгінде Қытай нарығына қазақстандық балық өнімдерін тасымалдау көлемі де артып отыр. Аталған жұмыспен 24 отандық кәсіпорын айналысып келеді. Бұдан бөлек, сиыр мен қой етін экспорттау бойынша Қытай жағынан бірқатар шектеулер бар. Осы салада тиісті шаралар қолға алынды. Қазіргі кезде қытайлықтар өз сараптамасын өткізіп жатыр.

Фото: pavlodarnews.kz
Астана
Актау
Актобе
Алматы
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Максим Галкин порадовал поклонников семейным снимком и необычным видео

Бозумбаев рассказал, была ли угроза для жилых домов при падении самолета в Актау

Авиакатастрофа в Актау: Минтранспорта сделало заявление

Женские привычки, которые бесят мужчин больше всего

Названы имена казахстанцев, погибших в авиакатастрофе в Актау