Алматыда жүк пойызының 12 вагоны жолдан шығып кетті

Оқиға орнында Алматы жол бөлімшесінің қалпына келтіру пойызы жұмыс істеуде.
Саз станциясында жүк пойызының 12 вагоны жолдан шығып кетті, салдарынан 8 жолаушылар пойызы уақытынан кешігуде деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.

2016 жылғы 7 қарашада таңғы 5 сағат 18 минутта Алматы жол бөлімшесінің Алматы-Отар желісіндегі Саз станциясында екінші жолдан №2851 жүк пойызының 12 вагоны шығып кетті.

Оқиға орнында Алматы жол бөлімшесінің қалпына келтіру пойызы жұмыс істеуде.

8 жолаушылар пойызы кестеден кешікті. Пойыз қозғалысын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Пойыз қозғалысы алдағы үш сағатта қалпына келтірілетін болады. Апат себебін анықтау үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ жанынан арнайы комиссия құрылды.

Фото: inform.kz
Актау Актобе Алматы Кызылорда Нур-Султан Семей
Следите за новостями zakon.kz в: