Павлодарлық құтқарушылар Усолка шағын ауданында жұқа мұздың үстінде жүрген бес баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінің мәліметінше, 6-қараша күні сағат 14.30-да өзеннің жағасын тексеру барысында жағадан 300 метр қашықтықта екі баланың жүргені анықталған. Сонымен қатар, сағат 16.00-де мұздың үстінде жүрген тағы да үш бала құтқарылған. Балалардың ең кішісі - алты жаста. Барлық балалар құтқару станциясына жеткізіліп, олармен түсіндіру жұмысы жүргізілді. Кейін барлығы ата-анасының қолына тапсырылды.
- Жеткіншектердің барлығы құтқарылды. Десе де, ата-аналары оларды қараусыз қалдырғаны дұрыс емес. Себебі, қазіргі уақытта мұздың қалындығы - 3 см ғана. Кез келген уақытта мұздың жарылып кетуі мүмкін еді. ТЖД ересектерден балаларды далаға жалғыз жібермеуді сұрайды, - дейді баспасөз қызметінде.
Фото: Рavlodarnews.kz