Елдегі екі банктің депозитке қатысты лицензиялары 3 айға тоқтатылды

Ұлттық банктің аталмыш шешімді екі банктің банк туралы заңнама жекелеген талаптарын бұзуына қадағалап ден қоюы және ішкі бақылау жүйелерін жақсарту қажеттілігі шеңберінде қабылдаған.
ҚР Ұлттық банкінің басқармасы 2016 жылғы 28 қазандағы № 246 қаулысымен 1 қарашадан бастап «Қазинвестбанк» АҚ-ның және «Дельта Банк» АҚ-ның жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашуға арналған лицензияларының қолданылуын 3 ай мерзімге тоқтата тұрды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық банктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Ұлттық банктің аталмыш шешімді екі банктің банк туралы заңнама жекелеген талаптарын бұзуына қадағалап ден қоюы және ішкі бақылау жүйелерін жақсарту қажеттілігі шеңберінде қабылдаған. «Лицензиялар жеке тұлғалардың жаңа депозиттерін тартуға және жаңа банк шоттарын ашуға тоқтатыла тұрды және банктердің қолданыстағы депозиттеріне және қазіргі клиенттеріне қызмет көрсетуге, сондай-ақ заңды тұлғалардың депозиттерін тартуға қатысты қолданылмайды», делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, 2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша «Қазинвестбанк» АҚ-ның жеке тұлғалардың қабылдаған депозиттерінің көлемі 16,4 млрд теңге немесе жеке тұлғалардың депозиттерінің жиынтық көлемінен 2,3% және «Дельта Банк» АҚ-ныкі 11,5 млрд теңге (2,3%) болды.

Фото: www.inform.kz

Следите за новостями zakon.kz в: