«АрселорМиттал Теміртау» компаниясына тиесілі «Саран» шахтасында орын алған қайғылы оқиғадан 8 адам жапа шеккен. Алдын ала мәліметтер бойынша, шахтада адамдарды тасуға арналған аспалы жол үзіліп кеткен. Салдарынан 3 адам көз жұмып, 2 адам жансақтау бөлімінде жатыр, тағы үшеуі орташа деңгейдегі жарақат алған.
«Оқиға орнына арнайы комиссия жіберілді. Комиссия оқиғаның мән-жайын анықтайды. Апат себебі комиссия жұмысы аяқталғаннан кейін белгілі болады. Компания басшылығы қайтыс болған кеншілердің отбасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады», - деп хабарлады «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының баспасөз қызметі.
Авторы: Жібек Мұқашева
Фото: Baq.kz