Ол өзін жұмыстан босату туралы өтініш жазып, ауыл шаруашылығы басқармасына жолдаған. Қанат Сәрсенұлы бұл шешімін хайуанаттар бағында өлген жануарларға байланысты жағдайдың ушығып бара жатуымен байланыстырды.
"Хайуанаттар бағында жануарлардың өлуіне байланысты жағдай күннен-күнге қиындап барады. Бақ туралы ақпарат ағымындағы жағдай шектен шықты. Сондықтан мен хайуанаттар бағы директоры міндетінен босату туралы өтініш жаздым. Осы мекемені маған сеніп тапсырған қала басшылығына алғыс айтамын",- деді Алматы қаласы хайуанаттар бағының директоры, Қанат Кәрімов.
Фото: www.almaty.tv