Қазір күн біресе еріп, біресе суытып, тұрғындарды әбігерге салып тұр. Кешеден бері көшелерде құлап, қол-аяғы шығып, жарақат алғандардың қатары көбейген. Қалалық аурухананың жарақаттану бөлімінде қазір жұмыс қауырт. Әдеттегі күндері мұнда 40-50 науқас шағыммен келетін болса, қазір ол екі есеге дейін артқан.
Игорь Войтов, қалалық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары:
- Кеше 89 адамға жәрдем көрсеттік. Бүгін түске дейін жарақатпен келген жетпіске тарта науқасты қарадық. Көбісі тізе, тобығын тайдырып, етін ауыртып алған. Қатты зақым алған 7-8 адам ауруханаға жатқызылды. Ауа райына байланысты туындаған жағдайды бақылауға алып отырмыз.
Фото: 24.kz