Алматылық ғалымдар асфальтті қалай шытынатпауға болатынын анықтады

Мамандар бетон төсеніштеріне көбіне резина қолданған дұрыс,- дейді. Өйткені, ол - ауыр салмаққа төзімді келеді.
Алматылық ғалымдар асфальтті қалай шытынатпауға болатынын анықтады. Олар 15 жыл бойы зерттеу жүргізіп, ақыры бір тоқтамға келген. Сөйтсе, қазіргі төселіп жатқан асфальт құрамында қажетті полимерлер жоқ екен, деп жазады Алматы телеарнасы.

Мамандар бетон төсеніштеріне көбіне резина қолданған дұрыс,- дейді. Өйткені, ол - ауыр салмаққа төзімді келеді. Оның үстіне, ызғарға да төтеп береді. Әлемдік ғалымдар осы тұрғыда көп еңбектенген. Алайда, алматылық мамандар бұл жаңалықты алғаш болып ашып отыр. Енді олар зерттеу нәтижесін өндірісте қолданып көрмек.

"Біз бетон төсенішіне қолданылатын бірнеше қоспаны алып, зертханада ұзақ тексердік. Климаттық жағдайды да назарға алдық. Анықтаған полимерлерді дұрыс қолданған жөн. Олар жер қыртысына байланысты қолданылады",- деді Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының президенті, Бағдат Телтаев.

Фото: www.almaty.tv
Актау Актобе Алматы Кызылорда Нур-Султан Семей
Следите за новостями zakon.kz в: