Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін түнгі сағат 00.43-те орын алған. Өрт Торайғыров көшесі, 32 мекенжайы бойынша орналасқан тоғыз қабатты үйде шыққан.
Салдарынан 53 жастағы павлодарлық №1 аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Мұхамадиеваның айтуынша, ер адамның денесінің 15 пайызын күйік шалған. Қазіргі уақытта оның жағдайы ауыр.
Назым Қарабаева
Фото: Рavlodarnews.kz