Өскеменде бес қабатты үйдің шатырының жақтауы құлады

Қала тұрғындарына ағаш, қар, мұз құлау қаупі болғандықтан, үй жанына көлік қоймауды ұсынды.
Өскеменде бес қабатты үйдің шатырының жақтауы құлады, абырой болғанда, бұл сәтте төменде адамдар болмаған. ТЖ атап өткендей, жақтау қалың қардың салмағын көтере алмаған, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ТЖД сілтеме жасап.

Өскемен №1 ӨБ құтқарушылары арнайы техниканың көмегімен туындаған қауіпті жойды, деп хабарлады ТЖ. «Металл шыбық құлап, үйдің кіреберісіне ілініп қалған. Адамдарға қауіп төндірген конструкцияны құтқарушылар автосаты көмегімен түсірді», - деді ТЖБ баспасөз хатшысы Марина Лискова.

Осындай жағдай Тәуелсіздік даңғылы бойынша үйде де орын алған. ТЖ мамандары оның да қаупін жедел жойған. ТЖ қызметтері қалалық әкімдікке үй аумағын, ғимараттар мен тұрғын үйлер шатырын тазалау, қауіпті учаскелерді белгімен қоршау қажеттігі туралы хат жазған.

Қала тұрғындарына ағаш, қар, мұз құлау қаупі болғандықтан, үй жанына көлік қоймауды ұсынды. Түнде құтқарушылар жолда қалып қойған адамдарды құтқарған. Жаңатас ауылынан 23 шақырым жерде үш аңшы қар құрсауында қалған. Шығыс-өңірлік аэро жедел құтқару жасағының құтқарушылары ер адамдарды эвакуациялады. ТЖ қызметтері аса қажеттілік болмаса, алыс жолға шықпауды ескертеді.

Фото: inform.kz

Следите за новостями zakon.kz в: