Биыл Қазақстанда жол апаты салдарынан 21 мың адам зардап шекті

ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мәліметіне қарағанда, биылғы жыл еліміздің жолдарында 14 728 жол-көлік оқиғасы болған.
2016 жылдың 10 айындағы көрсеткіш көрсеткендей, жол-көлік оқиғасы 6,1 пайызға төмендеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мәліметіне қарағанда, биылғы жыл еліміздің жолдарында 14 728 жол-көлік оқиғасы болып, онда 21 070 адам зардап шекен, оның ішінде 1958 адам көз жұмды.

ЖКО салдарынан 3587 кәмелетке толмаған бала жарақат алып, олардың 195-і қаза тапты. Жол апаттарының себептері өзгермеген, жалпы ЖКО-ның басым бөлігі жүргізушілердің кінәсінен орын алды, оның ішінде 505-і алкогольдік және есірткілік мас күйінде болды.


«Қоғамдық көліктің қатысуымен 885 ЖКО болып, онда 79 адам қаза болды, 1240-ы жарақаттанды. 594 жағдайда автобус жүргізушісінің кінәсінен, оның 6-сы ЖКО болған кезде алкогольдік мас күйінде болған»,-делінген комитет хабарламасында. ЖКО-ның 30 пайызы Алматы қаласында орын алып отыр.

Апаттылық жарақаттанудың өсуі осы жылы Жамбыл және Алматы облыстарында байқалды. Адамдардың өміріне және денсаулығына салдарын тигізген ЖКО фактілерінің азаюы Атырау, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелді.

Фото: inform.kz
Актау Актобе Алматы Кызылорда Нур-Султан Семей
Следите за новостями zakon.kz в: