Алматыда 5 мың ата-ана алимент төлеуден жалтарып жүр

Заңға сәйкес жұмыссыз деп танылған борышкерлер де ай сайын кем дегенде 36 мың теңге алимент төлеуі тиіс.
Алматыда алимент төлеуден жалтарып жүрген 5 мың азамат бар. Оның 30 пайызы – әйелдер. Сондай-ақ өз балалары алдындағы қарызын мүлдем өтемеген 200 ата-анаға іздеу жарияланған. Қазір қалалық прокуратура борышкерлерге қатысты тексеру жұмыстарын бастады, деп жазады Хабар 24 арнасы.

Нәтижесінде 10 күн ішінде балалардың пайдасына шамамен 30 миллион теңге алимент өндіріп алынды. Құзырлы орган алимент төлеуге асықпаған ата-аналардың жеке мүліктерін де тәркілейді. Тек екі апта ішінде 4 автокөлік сатуға қойылды. Тексеру жұмыстары Бас прокуратура бекіткен «Алименттер. Төлемеуге қарсы 30 қадам» жобасы аясында жүзеге асырылып отыр.

Еркін Тілешов, Қалалық прокуратураның басқарма прокуроры:

- Егер алимент төлеуден жалтарып жатқан борышкерлер болса, оларды біз әкімшілік жазаға тартамыз. Егер ол әкімшілік жазаға тартылып, одан ары алиментті төлемейтін болса, ол ҚР Қылмыстық Кодексінің 139, 430-бабына сәйкес қылмыстық жазаға тартылады.

Заңға сәйкес жұмыссыз деп танылған борышкерлер де ай сайын кем дегенде 36 мың теңге алимент төлеуі тиіс. Қазір қалалық прокуратура қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаментімен бірлесіп, табыс көзі жоқ ата-аналарды еңбекпен қамтуды қолға алды. Олардың жалақысы алименттерін өтеуге жұмсалады.

Фото: qostanay.tv

Актау Актобе Алматы Кызылорда Нур-Султан Семей
Следите за новостями zakon.kz в: