Павлодар облысы Железин ауданында Омбыдан келген балықшы құтқарылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 13 қараша күні орын алған. Рейд кезінде Железин ауылынан 40 шақырым жерде орналасқан Подстарое өзенінің Алексеевка тармағында ер адамның дауысы естілген.
- Көмекке шақырған адам мұздың астына түсіп кеткен 51 жастағы балықшы болып шықты. Кейін ол РФ-ның азаматы екені анықталды. Оның айтуынша, Железин ауданына достарымен балық аулауға келген, - деді баспасөз қызметінде. Ер адам жедел құтқару бөліміне жеткізіліп, оған алғашқы көмек көрсетілді.
Назым Қарабаеа
Фото: Рavlodarnews.kz