Өскемен орталығында су құбыры жарылды

Бүгін 87 автобус бағдарға шықпаған және қалалық көлік парктерінде жалпы 120 қоғамдық көлік тоқтап тұр.
«Өскемен- Су арнасы» МҚК апаттық қызметтері кешке болған қаланың орталық аудандарының бірінде суық су құбырындағы апатты жойды. Ескі шойын құбыр қатты аязға шыдас бермей жарылып кеткен. Бірақ, Дзержинский көшесінің тұрғындарына суық су үздіксіз беріліп тұрды, тек аудандағы кейбір көшелердегі судың қысымы төмендеді, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА су арнасы мекемесі басшының орынбасары Индира Нұрсәбитова берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Оның айтуынша, бұл - қысқы жылыту маусымында құбырға байланысты орын алған бірінші апат. Қазыналық кәсіпорындағы маманның айтуынша, бұл жағдай ауа температурасының қырық градусқа дейін күрт төмендеуінен болған. Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ержан Қоңырбаев аязға (-40) қарамастан, коммуналдық қызметтің шапшаң жұмысын мақтады.

Е.Қоңырбаевтың пікірінше, қазіргі қолайсыз ауа-райында (қалың қар жауып, артынан ауа температурасының күрт төмендеуі) қоғамдық көліктер адамдар тасып, өз жұмыстарын ойдағыдай атқарған. «Біз шынайы әлемде өмір сүрудеміз, сондықтан түрлі мәселелер болып тұрады және ол мәселелерді шешілуде», - деп қорытындылады Е.Қоңырбаев.

Осыған қарамастан, бүгін 87 автобус бағдарға шықпаған және қалалық көлік парктерінде жалпы 120 қоғамдық көлік тоқтап тұр.

Фото: jasqazaq.kz
Следите за новостями zakon.kz в: