Павлодар қаласы Кенжекөл кентінде иіс тиіп, бетін күйік шалған 25 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД-нің мәліметінше, екі пәтерлік, төрт бөлмелі пәтерден шыққан қызыл жалын 30 шаршы метр аумақты шарпыған.
- Бүгін таңғы сағат 5.13-те басталған тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД апаттық-құтқару жұмыстары және құтқару қызметінен екі бірлік техника мен жеке құрамнан тоғыз адам жұмылдырылған. Өрт сағат 6.38-де толық сөндірілді. Қазіргі таңда келтірілген шығын көлемі мен өрттің шығу себебі анықталуда, - деп жазылған хабарламада.
Фото: pavlodarnews.kz