Павлодарда жыл басынан бері қоғамдық көлікке қатысты 400-ге жуық шағым түскен. Бұл туралы pavlodarnews.kz ресми сауалхатына берген жауабында Павлодар қаласы әкімі аппарат жетекшісінің міндетін атқарушы Төлеухан Сқақов мәлім етті.
- Бүгінгі күні қоғамдық көлікте жүру мәселесі тұрғындар арасында өзекті мәселеге айналып отыр. Мысалы, Теміржолшылар және Жаңа ауыл кенттерінің тұрғындары ауылға дейін қатынайтын жеке автобус сұраған болатын. Енді бұл ауылдарға №42 және 14 «э» автобустары қатынайды. Сонымен қатар, «Сарыарқа» шағын ауданы тұрғындары мен № 9 және 22 мектеп оқушылары мен ұстаздардан да шағым түсті. Олар Шөкин көшесі бойымен жүретін қоғамдық көліктің тым азайып кеткенін тілге тиек етті.
Осылайша, 12 қарашадан бастап № 5 автобус бағыты Шөкин көшесіне ауыстырылды, - деді Төлеухан Сқақов. Жалпы жыл басынан бері тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қала тұрғындарынан 123 шағым, ал қала әкімі мен облыс басшысының блогына қоғамдық көлікке қатысты 260 өтінім мен жолдау түскен.
Назым Қарабаева
Фото: Рavlodarnews.kz