Қарағанды-Балхаш трассасында болған жол апатынан екі адам қаза тапты

Жол көлік оқиғасы дерегіне байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-тармағына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Қарағанды-Балхаш трассасында жолаушылар автобусы мен «Газель» автокөлігі соқтағысып, апат салдарынан екі адам қаза тауып, бес адам ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Baq.kz.

Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің хабарлауынша, ішінде 15 жолаушысы болған автобусты 46 жастағы жүргізуші басқарған. Ал «Газель» автокөлігінің жүргізушісі 43 жаста.

«Алдын ала деректер бойынша, Балхаш қаласына қарай бағыт алған «Газель» автокөлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, жолаушылар автобусымен соқтығысқан. Оқиға салдарынан автобустың жүргізушісі мен «Газель» автокөлігінің жолаушысы қайтыс болды, бес адам ажарақат алып, ауруханаға жеткізілді», - дейді Қарағанды облысы ІІД-нің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Жол көлік оқиғасы дерегіне байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-тармағына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жібек Мұқашева

Фото: www.tvc.ru


Следите за новостями zakon.kz в: