Қостанайда пара алған полиция қызметкері сотталуда

Пара алған инспекторды Қостанай облыстық ҰҚК департаментінің қызметкерлері қылмыс үстінде ұстады.
Бүгін Қостанай қаласының №2 сотында Қостанай аудандық ІІБ әкімшілік полиция бөлімі жол-техникалық инспекция тобының инспекторын пара алуға айыптау бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Прокурор оқыған айыптау тұжырымына сәйкес, 29 жастағы сотталушы автокөлік иесінен заңсыз сыйақы алған.

Бұл үшін инспектор мас күйінде көлік айдаған жүргізушіні медициналық тексеруге жібермеген және хаттама толтырмаған.

Пара алған инспекторды Қостанай облыстық ҰҚК департаментінің қызметкерлері қылмыс үстінде ұстады.

Фото: kaz.caravan.kz
Следите за новостями zakon.kz в: