Республикалық маңызы бар "Қызылорда-Павлодар" тас жолында үш жолаушы құтқарылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД-нің мәліметінше, бүгін шамамен сағат төртте Шідерті кентінен 13 км қашықтықта жеңіл автокөлік істен шыққан. Жолда тұрып қалған азаматтар жергілікті кезекшілік қызметіне өздері хабарласқан.
Оқиға орнына Шідерті кенті ТЖ бөлімінен төрт адам жұмылдырылған.
- Олардың ешқайсысына медициналық көмек көрсетудің қажеті болмады. Үш адам да Шідерті кентіндегі қонақүйге жеткізілді. Зардап шеккендер жоқ, - дейді баспасөз қызметінде.
Ақбота Сейсенбаева
Фото: Рavlodarnews.kz