Алматыда қар көшкіні жүріп, стратегиялық маңызы бар тасжолдарды жауып тастады. Кеше түнде Үлкен Алматы көлінің маңында орын алған жағдай құтқарушыларды біраз әбігерге салды, деп жазады Хабар 24 арнасы.
Тілшілеріміз Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментіне хабарласып, мән жайды білген болатын.
Мамандар таңға дейін қар құрсауында қалған аумақ тазаланып, қатынас қайта жанданғанын айтады.
Сандуғаш Баймұханбетова, Алматы қалалық ТЖД ресми өкілі:
- «Қазселденқорғау» ММ күштерімен жабылып қалған жол ашылып, қардан тазаланып, Үлкен Алматы көліне 9,5 км шақырым жол ашылды. Қазіргі сәтте бәрі штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.
Фото: 24.kz