Полицейлер қырғыз көліктеріне тағы да шүйлікті

Прокуратура қызметкерлерімен бірлесе жол бойына шыққан полицейлер заңды өрескел бұзған мен айыппұлы жиналғандарды анықтап, қырғыз көліктерін жаппай тұраққа қойды.
Алматы облысында тәртіп сақшылары қырғыз нөмірлі автокөліктерді жаппай айып тұрағына қамап жатыр. Әкімшілік кодексті негізге алған полицейлер Қазақстанда тіркеуде жоқ көліктерді енді біржола елден шығаруға шындап кіріскен, деп жазады 31 арна.
Төленбеген айыппұл көлемі бойынша екінші орында тұрған Алматы облысының тәртіп сақшылары көлік жүргізушілеріне шүйлікті. Прокуратура қызметкерлерімен бірлесе жол бойына шыққан полицейлер заңды өрескел бұзған мен айыппұлы жиналғандарды анықтап, қырғыз көліктерін жаппай тұраққа қойды.
- Енді естіп жатырмыз болмайтынын. Тек қырғыз азаматы айдау керек екенін. Енді қырғыз көлігімен жүрмейтін боламыз, дейді жүргізуші Мереке Алиакбар.
"Борышкер" арнайы шарасына білек сыбана кіріскен полицейлер жол ережесін елемейтін ондаған жүргізушіге хаттама толтырып, көліктерін тұраққа тоғытты. Қырғыз көлігін тізгіндегендер алғашында Қазақстан аумағында заңсыз жүргендерін мойындағысы келмеді.
Жол потрульдік полициясы тоқтатқан мына Қырғыз мемлекетінде тіркелген автокөлік енді айып тұрағына жөнелтіледі. Ал мұны басқарып отырған жүргізушіге 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Бұл көлікті айып тұрағынан өз иесі, яғни Қырғыз Республикасының азаматы ғана алып кете алады.
- Жүргізіліп жатқан "Борышкер" шарасы бір күндік жұмыс емес, күнделікті жүргізіле береді. Тек Жамбыл ауданы емес, бүкіл Алматы облысы бойынша. Сондықтан жүргізушілерге қосымша ескертіп жатырмыз, - дейді Жамбыл аудандық ІІБ басшысының орынбасары Алмат Рақымбаев.
Бір сағатта мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ 3 көлік пен мүлдем құжаты жоқ төрт көлік анықталды. Ал қырғыз нөмірлі 7 көліктің жүргізушілеріне хаттама толтырылды. Қазақстанда заңсыз жүрген көрші елдің көліктерін қыспаққа алу жалғаса бермек.
Авторы: Жарас Ниязбек, Ринат Абулхаиров

Фото: Kolesa.kz
Актау Актобе Алматы Кызылорда Нур-Султан Семей
Следите за новостями zakon.kz в: