Қостанайда қалалық аурухананы қосқанда, тұрғын үй аудандары, әлеуметтік мекемелер жылудан, ыстық судан ажыратылды, деп жазады ҚазАқпарат ХАА.
Облыс орталығының әкімдігі хабарлағандай, жылу жолының ақауын жою жұмыстары күні бойы жүргізіледі.
«2016 жылғы 25 қарашада ТМ-312 ақауын жоюға байланысты сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін Таран - Победа көшелері - Урицкий - Дзержинский көшелері шекарасында жылу мен су беру тоқтатылады», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ баспасөз қызметі 10 желтоқсанға дейін Қостанайдың шағын аудандарының бірі күн сайын трансформаторлық қосалқы стансада жөндеу жұмыстары барысында «жалаң сымды ауыстыруға» байланысты электр беруді тоқтатады.
Фото: kostanaytany.kz