Павлодар облысында әйелін ұрған ер адам зейнеткерлікке шығудың арқасында қамаудан құтылды

Отбасында жанжал шығарған адам биыл маусым айында 63 жасқа толған.
Павлодар облысында әйелін ұрған ер адам зейнеткерлікке шығуының арқасында қамаудан құтылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Лебяжі аудандық сотында Жамбыл ауылының тұрғынына қатысты іс қаралды. Ол 11-қараша күні таңертең ішімдікке тойып алып, әйелін соққыға жыққан. Биыл ер адам әйелін ұрғаны үшін осымен екінші рет айыпталуда.

- Сот отырысында Л. аталмыш қылмысты жасағанын мойындап, жұбайымен татуласуға ниет білдірген, - деді облыстық соттың баспасөз қызметінде.

- Алайда зардап шегуші татуласудан бас тартқан. Бұл баптың санкциясына сәйкес он күнге дейін әкімшілік тұтқынға алу қарастырылған. Дегенмен, мұндай шара 63 жастан асқан ер адамдарға қолданбайды. Ал, отбасында жанжал шығарған адам биыл маусым айында 63 жасқа толған. Сондықтан ол бес АЕК көлемінде немесе 10605 теңге айыппұл төлейді.

Фото: Рavlodarnews.kz
Следите за новостями zakon.kz в: