Астанада «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өтті.
Директорлар кеңесі «Бәйтерек» Холдингінің 2017-2018 жылдарға арналған Даму жоспары мен 2017 жылғы жылдық бюджетін түзетті. Мұндай шешім индустриялық-инновациялық және инфрақұрылымдық даму саласындағы мемлекеттік саясатқа айтулы түзету енгізумен, «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңын іске асырумен байланысты қабылданған болатын. Директорлар кеңесіне Холдингтің Даму стратегиясын өзектендіруде жүргізген жұмыс туралы мәліметтер берілді, соңғы жоба 2017 жылы наурызда ұсынылатын болады.
Холдингтің Даму жоспарының түзетілуіне сәйкес Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын қаржыландыру сомасы ұлғайтылды, сондай-ақ Холдингтің еншілес ұйымы «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ міндеттемелері шеңберінде «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңын іске асыру мән-жайы қаралды.
Холдингтің бюджеттен тыс қаржыландыру көздерін тарту бойынша алда атқаратын жұмысына байланысты «Қарыз/Капитал» коэффициентінің шектік мәнін 3,5-тен 7-ге дейін ұлғайту бастамасы көтерілді.
Бұдан басқа Директорлар кеңесі 20 млрд. теңге сомасындағы Холдингтің 20 млн. қарапайым акцияларын орналастыру туралы шешім қабылдады. Қаражат Холдингтің әлеуметтік бағдарламаларын қаржыландыруға бағытталатын болады.
Сондай-ақ Директорлар кеңесінің отырысында Холдингтің 2014-2023 жылдарға арналған бірыңғай кадр саясатын іске асырудың ағымдық мәртебесі, бекітілген 2017 жылға арналған жұмыс жоспары, тәуекелдер бойынша есептер, 2016 жылдың 3-тоқсанындағы ішкі аудит қызметінің жұмысы мен 2017-2019 жылдарға арналған аудиторлық жоспар туралы ақпараттар назарға алынды.
Фото: theNews.kz