Отырарда жастар саябағы ашылды

Жалынды жастық жігер мен мәңгілік махаббаттың символы болған Шәміл мен Дүрияға арналған ескерткіші қоса ашылып отыр.
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі қарсаңында Отырар ауданының орталығы Шәуілдір ауылында «Шәміл-Дүр» жастар саябағы салтанатты түрде ашылды. Бұл туралы zakon.kz Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Шәуілдір тұрғындары мен жастар алдында құттықтау сөз сөйлеген Ерлан Айтаханов «Шәміл-Дүр» хиқаясына кеңінен тоқталды. «Аңыз түбі – ақиқат» деп, бабаларымыз бекер айтқан ба?! Шәуілдір ауылы атауының тарихы тереңде жатыр. Соның бір нұсқасы – аңызға арқау болған Шәміл мен Дүр. Жастарымыздың өлке тарихын танып білуі, оған құрметпен қарауы шарт. Бұл саябақ – Жастар ресурстық орталығының теңгеріміне беріледі. Бұдан былай спорттық, мерекелік іс-шаралар осында өтетін болады,- деді аудан әкімі.

Бүгінде Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейлі мерекесі отырарлықтар үшін тамаша тартумен келді. Елбасымыздың бастамасымен қолға алынған «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында еліміздің ертеңі саналатын жастарымызға арналған «Жастар» саябағы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар, жалынды жастық жігер мен мәңгілік махаббаттың символы болған Шәміл мен Дүрияға арналған ескерткіші қоса ашылып отыр.

Саябақты сәндеу, жолдар, демалу орындары тағы басқа тұрғындарға қажетті дүниелерді жасауды әкімшілік өз міндетіне алды. Сонымен, алдағы уақытта аталмыш саябақ жасыл желекке айналады.

Фото: ontustik.gov.kz
Следите за новостями zakon.kz в: