Тараз тұрғыны бесінші қабаттан құлап аман қалды

45 жастағы тұрғын шатырға электр сымдарын жөндеу үшін шыққан.
Таразда көпқабатты тұрғын үйдің шатырынан адам құлап кетті. Оқиға қаладағы 8-мөлтекауданда болған, деп жазады Хабар 24 арнасы.

45 жастағы тұрғын шатырға электр сымдарын жөндеу үшін шыққан. Жөндеу жұмыстары кезінде тоқ ұрып, үшінші қабаттағы пәтерлердің бірінің қылтимасына құлаған.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметерлері берген мәлімет бойынша, №12 үйдің тұрғыны аман. Ол жедел түрде ауруханаға жөнелтілген.

Авторы: Руслан Әбдуәлиев

Фото: 24.kz
Следите за новостями zakon.kz в: