Алматы қаласында 6 көшенің атауы өзгертілді

Таяуда Алматы қаласы мәсли­хатының шешімімен бірқатар көшелердің аты жаңаша атала­тын болды.
«Алматы ақшамы» газеті хабарлағандай, Алматы қаласы мәслихатының шешімімен бірқатар көшелердің аты жаңаша аталатын болды.

Атап айтсақ, төмендегі көшелердің атаулары:

Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша:

1. «Көкқайнар» шағынауданындағы «Абай» көшесі - «Әзірбайжан Мәмбетов» көшесі;

2. «Әйгерім-1,2» шағынауданындағы «Ленин» көшесі - «Василий Бенберин» көшесі; Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша:

3. «Левон Мирзоян» көшесі - «Шапық Шөкин» көшесі; Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша:

4. «8-линия» көшесі - «Ербол Сыпатаев» көшесі; Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша:

5. «Көктөбе» шағынауданындағы «Жамбыл Жабаев» көшесі - «Роза Бағланова» көшесі; Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша:

6. «Қалқаман-2» шағынауданындағы «Мұхтар Әуезов» көшесі - «Бәйкен Әшімов» көшесі болып қайта аталатын болды. Алматы қаласы әкімдігінің және Алматы қаласы мәслихатының бірлескен қаулысы және шешімін мемлекеттік тіркеу туралы

АҚПАРАТ

Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 16 қарашадағы №4/543 және VІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының Х сессиясының 2016 жылғы 15 қарашадағы №51 «Алматы қаласының кейбір көшелерін қайта атау туралы» бірлескен қаулысы және шешімі 2016 жылғы 28 қарашада Алматы қаласы Әділет департаментімен нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 1329 нөмірімен енгізілді.

Алматы қаласы әкімдігінің ҚАУЛЫСЫ

2016 жылғы 16қараша №4/543

Алматы қаласы мәслихатының ШЕШІМІ

2016 жылғы 15 қараша № 51

Алматы қаласының кейбір көшелерін қайта атау туралы

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 13-бабына cәйкес, Алматы қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Алматы қаласы ономастика комиссиясының 2016 жылғы 29 тамыздағы және Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 23 қыркүйектегі қорытындыларының негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және VІ сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

Төмендегі көшелердің атаулары:

Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша:

«Көкқайнар» шағынауданындағы Абай көшесі — Әзірбайжан Мәмбетов көшесі; «Әйгерім-1,2» шағынауданындағы Ленин көшесі — Василий Бенберин көшесі; Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша: Левон Мирзоян көшесі — Шапық Шөкин көшесі; Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша: 8-линия көшесі — Ербол Сыпатаев көшесі; Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша: «Көктөбе» шағынауданындағы Жамбыл Жабаев көшесі — Роза Бағланова көшесі; Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша: «Қалқаман-2» шағынауданындағы Мұхтар Әуезов көшесі —Бәйкен Әшімов көшесі болып қайта аталсын.

Алматы қаласы Алатау, Алмалы, Бостандық, Медеу, Наурызбай аудандарының әкімдері, «Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы», «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы», «Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемелері осы қаулы мен шешімді іске асыру жөнінде қажетті шараларды қабылдасын.

Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы қаулы мен шешімді интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Х. Есеноваға және Алматы қаласы әкімінің орынбасары А. Қырықбаевқа жүктелсін (келісім бойынша).

Осы Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы және мәслихатының шешімі әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Алматы қаласының әкімі Б. Байбек.

VІ сайланған Алматы қаласы мәслихаты Х сессиясының төрайымы Р. Бадаева.

VІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының хатшысы Қ. Қазанбаев.

Фото: almaty-akshamy.kz

Актау Актобе Алматы Кызылорда Нур-Султан Семей
Следите за новостями zakon.kz в: