Астанадан барлық бағытқа жолдар ашық

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 4 желтоқсан күні сағат 14-14-тен бастап, Астана-Атбасар, Астана-Қарағанды тас жолы қоғамдық және жүк көліктері үшін, 16-40-тан бастап Астана-Көкшетау, Астана-Павлодар жолы көліктің барлық түрі үшін жабылған болатын.
Астанадан барлық бағыттағы жолдар ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Астана қаласының ІІД жергілікті полиция қызметі Астана қаласынан шығатын барлық бағыттағы тасжолдардың ашылғандығын хабарлайды», - делінген Smart Astana қосымшасында таратылған ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, ауа райының қолайсыздығына байланысты 4 желтоқсан күні сағат 14-14-тен бастап, Астана-Атбасар, Астана-Қарағанды тас жолы қоғамдық және жүк көліктері үшін, 16-40-тан бастап Астана-Көкшетау, Астана-Павлодар жолы көліктің барлық түрі үшін жабылған болатын.

Айта кетерлігі, Ақмола облысы - 4 желтоқсан сағат 15:15-тен бастап ауа райының бұзылуына байланысты (қатты жел, жаяу бұрқасын, көру мүмкіндігінің шектелуі) Астана-Петропавл жолының 18-231 шақырымы аралығында (Астана қаласынан Щучинск қаласына дейін) барлық көлік түрлерінің қозғалысы тоқтатылды.

4 желтоқсан сағат 17:00-ден бастап, ауа райының бұзылуына (күшті жел, бұрқасын, көру мүмкіндігінің шектелуі) байланысты «Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолы (22-205 шақырым аралығы) барлық көлік түрлері үшін жабылды.

4 желтоқсан сағат 18:00-ден ауа райының нашарлауына (күшті жел, бұрқасын, көру мүмкіндігінің шектелуі) орай, «Екатеринбор-Алматы» күре жолының 917856 шақырым (Жақсы кенті - Солтүстік Қазақстан облысымен шекара) аралығы барлық көлік түрлері үшін жабылды.

4 желтоқсан сағат 22:45-тен бастап ауа райының бұзылуынан (күшті жел, бұрқасын, көру мүмкіндігінің шектелуі) «Екатеринбор-Алматы» күре жолы (917-1006 шақырым аралығы, Жақсы кенті-Атбасар), «Жақсы-Есіл-Бұзулық» (0-82 шақырым), «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» (232-260 шақырым), «Жезқазған-Петропавл» (377-595 шақырым), «Астана-Қорғалжын» (16-169 шақырым), «Астана-Қабанбай батыр-Киевка-Теміртау» (16-51 шақырым), «Екатеринбор-Алматы» (1280-1353 шақырым) тас жолдарында барлық көлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.

Шығыс Қазақстан облысы 4 желтоқсан сағат 14:00-ден бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты (жаңбыр, көктайғақ) көліктің барлық түрлері үшін республикалық маңызы бар «Алматы-Өскемен» (778-1079 шақырым) тас жолы жабылды. 4 желтоқсан 14:00-ден бастап жаңбыр мен көктайғаққа байланысты маршруттық рейстік автобустар мен тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктері үшін республикалық маңызы бар «Өскемен-Семей» (8-198 шақырым) жолы жабылды.

4 желтоқсан 15:45-тен бастап бұрқасын мен көру мүмкіндігінің шектелуіне байланысты барлық автотранспорт үшін Новотроицск ауылына кіреберістегі облыстық маңыздағы жолдың 0-22 шақырым аралығы жабық.

4 желтоқсан сағат 18:00-ден бастап, 5 желтоқсан таңертеңгі 08:00-ге дейін бұрқасын мен көру мүмкіндігінің шектелуіне байланысты республикалық маңыздағы «Өскемен-Зырян-Катон-Қарағай-Рахман қайнарлары» автожолының 4-65 шақырым аралығында барлық автокөлік үшін қозғалыс шектелді.

Қарағанды облысы - 4 желтоқсан 15:35-тен бастап көктайғақ, бұрқасын, көру мүмкіндігінің шектелуіне байланысты «Алматы-Екатеринбор» (1051-1142 шақырым аралығы Теміртау қаласы-Ақмола облысымен шекара) күре жолы қоғамдық және жүк көліктеріне жабылды.

4 желтоқсан сағат 21:30-дан бастап көктайғақ, бұрқасын, көру мүмкіндігінің шектелуіне орай автокөліктің барлық түріне «Жезқазған-Петропавл» жолының (22-252 шақырым аралығы, Сәтбаев қаласы-Қостанай облысымен шекара) учаскесіне шығуға тыйым салынды.

Павлодар облысы - 4 желтоқсан 17:00-ден бастап көктайғақ, бұрқасын, көру мүмкіндігінің шектелуіне байланысты «Астана-Ерейментау-Шідерті» (205-259 шақырым) тас жолының Шідерті кентінен Ақмола облысының шекарасына дейінгі учаскесі көліктің барлық түрі үшін жабық болды.

Фото: 24.kz
Актау Актобе Алматы Кызылорда Нур-Султан Семей
Следите за новостями zakon.kz в: