Өскеменде көктайғақ кесірінен адамдар жұмысқа жаяу барды

Жолға құм себілмегендіктен, көліктерге мұзда жүру қиынға соғып жатқаны атап өтілуде.
Өскеменде жол кептелісі салдарынан көптеген тұрғындар жұмыстарына жаяу баруға мәжбүр болуда. Бұл туралы ҚазАқпарат ustinka.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жолға құм себілмегендіктен, көліктерге мұзда жүру қиынға соғып жатқаны атап өтілуде. Көлік тізбегі Аблакеткадан Промбазаға дейін жалғасты. Кей автобустар аялдамадан адамдарды алып кету үшін басқа маршруттар бойынша жүруге мәжбүр болуда. 11 автобус адамдарды 1 маршруты бойынша жеткізді.

Қалалықтардың айтуынша, бүгін таңертең ғана кей көшелерге құм себіле бастады. Ал қаланың шет аудандары мен аяқжолдар әлі де қолға алынған жоқ.

Фото: pavlodarnews.kz


Следите за новостями zakon.kz в: