Анасының телефонымен ойнап жатқан жеті айлық бала көз жұмды. Бұл кезде телефон қуаттау құрылғысына қосылып тұрған, деп хабарлайды Baq.kz.
Маңғыстау облысы балалар ауруханасының мәліметінше, анасы қызымен бірге ұйқыға жатқан. Жандарында тоққа қосулы ұялы телефон тұрады. Біраз уақыттан кейін келіншек ұйықтап қалып, қызы телефонмен ойнай бастайды.
«Телефонға не болғаны әзірге белгісіз, қызды тоқ ұрған, оның жүрегі тоқтап қалды. Ата-анасы баласының көз жұмғанын таңертең ғана байқапты. Дереу жан сақтау бөліміне жеткізілгенімен, дәрігерлер ештеңе істей алмады», - деп хабарлады облыстық балалар ауруханасы.
Informburo.kz порталы Маңғыстау облысы ІІД болған жайтқа қатысты түсініктеме бермегенін жазды.
Фото: baq.kz