ОҚО-да 20 жастағы қыз аурухана емделушілерінің құнды заттары мен ақшаларын ұрлап кеткен

Zakon.kz
Тіпті бір емделушінің банк карточкасындағы ақшасын да қолды қылған.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданында бірнеше ұрлық әрекеттерін жасап келген 20 жастағы қыз қолға түсті. Бұл туралы stan.kz TVK телеарнасы берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

20 жастағы қыз жергілікті амбулаторияда емделушілерге тиесілі заттардың бәрін ұрлап отырған. Тіпті бір емделушінің банк карточкасындағы ақшасын да қолды қылған.

“Ордабасы аудандық полиция бөліміне жергілікті бірнеше тұрғын хабарласып, құнды заттары мен ақшалары жоғалғанын айтты. Сондай-ақ, 26 жастағы қыз хабарласып, ауылдық амбулоторияда белгісіз адамның 35 мың теңге тұратын телефонын ұрлап кеткенін хабарлады. Сол күні полицияға тағы бір зардап шегуші хабарласып, банк карточкасының ұрланып, одан 57 мың теңгенін алынғанын айтып шағымданды. Аудандық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында бірнеше қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 1996 жылы туған қызды ұстады. Ол ұрлық әрекеттерін жасағанын мойындады”, – деп хабарлады ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

Енді ҚР ҚК 188 бабы “Ұрлық” бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сотқа дейінгі тексеру жұмыстары басталды. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысын тексеріп жатыр.

Фото: www.kam24.ru

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Максим Галкин порадовал поклонников семейным снимком и необычным видео

Бозумбаев рассказал, была ли угроза для жилых домов при падении самолета в Актау

Авиакатастрофа в Актау: Минтранспорта сделало заявление

Женские привычки, которые бесят мужчин больше всего

Под угрозой оказались казахстанцы, чьи дети служат в армии