Астанадағы аулалардың бірінде баланы қағып кеткен «Хаммердің» жүргізушісі бас бостандығынан айырылды, деп xабарлайды ҚазАқпарат Астана сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Астана қаласы Алматы аудандық №2 сотының шешіміне сәйкес, Х. есімді азамат ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, бір жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Бұдан бөлек, оған 3 жылдың ішінде көлік жүргізуге тыйым салынады», - делінген ресми xабарламада.
Айта кетейік, аталған оқиға тамыздың 16-сы күні Астананың Тарxан көшесі бойындағы аулалардың бірінде болды.
Сол күні «Хаммер» маркалы автокөлік мінген азамат жолдасымен бірге футболдан қайтып келе жатқан баланы қағып кеткен. Соның салдарынан бала ауыр жарақаттар алып, ауруxанаға түскен.
Фото: egemen.kz