Еліміз жаңа жылдан бастап мұнай өндіру көлемін төмендетеді. Бұл шара ОПЕК елдерінің уағдаластығына байланысты қолға алынады. Энергетика министрінің айтуынша, тиісті шешім қабылданғаннан кейін арада небәрі 2 күн өткенмен, қара алтынның бағасы барреліне 50 доллардан асты, деп жазады Хабар 24 арнасы.
Бұл ретте Қанат Бозымбаев келер жылдың басында аталған көрсеткіш 60 долларға жетсе, мемлекеттік қазына мен ұлттық қорға қомақты салық түсіп, тиімділігін көрсетедідеп пайымдады.
Себебі қазір бюджетте мұнай бағасы 35 доллар болып белгіленген. Айта кетейік, мұнай тұтынушы елдерде қара алтынның мол қоры жинақталып қалғандықтан, ОПЕК елдері осындай келісімге келді. Еліміз бұл ұйымға кірмегенімен, тиісті шартқа қол қойды.
Қазақстанда мұнай өндіру көлемі азайғанмен, Қарашығанақ, Қашаған мен Теңіз кен орындарында өндіріс тоқтамайды. Қараша айында осы кен орындары іске қосылып, мұнай өндірісі бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткішке жетті.
Фото: 24.kz