ТарМПИ-да Тұңғыш Президент атындағы мәжіліс залы ашылды

Оқу орнының студенттері Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістері мен Елбасының салиқалы саясаты туралы барлық мәліметті осы залдан ала алады.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Тұңғыш Президент атындағы мәжіліс залы ашылды, деп хабарлайды zakon.kz ТарМПИ-дың Ақпараттық-имидждік қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Елбасы залында «Ұлы Дала ұлағаты», «Келешекке кемеңгер көшбасшымен» атты бірнеше тақырыптармен Мемлекет басшысының еңбектері мен Нұрсұлтан Назарбаевтың айтқан ойлары, ұлағатты сөздері және әлемдік беделді саясаткерлердің Қазақстан туралы, Елбасы жайындағы пікірлері жазылған.

Бұл залды ашудағы мақсат – оқу орны студенттері Ұлт Көшбасшысының өмірбаяны мен еңбек жолынан толық мәлімет алуын қамтамасыз ету. Залдың тарихы терең Тараз өңіріндегі іргелі оқу орны қабырғасында ашылуы үлкен тәрбиелік маңызға ие. Өйткені, Қазақстанның Тұңғыш Президентінің өмір жолы Отанға шексіз қызмет етудің айқын көрінісі және өскелең ұрпақ үшін отаншылдықтың нағыз үлгісі болып табылады.

Оқу орнының студенттері Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістері мен Елбасының салиқалы саясаты туралы барлық мәліметті осы залдан ала алады. Сондай-ақ мұнда түрлі жиындар мен арнайы сабақтар өтетін болады.

Следите за новостями zakon.kz в: