Астана әкімдігі аулаларды көліктерден тазарту үшін орамаралық ақылы тұрақ салу жобасын дайындауда, деп жазды egemen.kz.
Астана билігінің жаңа идеясының мақсаты – аулаларды көліктерден босату. Қазіргі таңда ауладағы көлік қозғалысын жабуға құрылыс нормалары мен ережелері мүмкіндік бермейді. Соның ішінде өрт қауіпсіздігі үшін де көліктердің кіріп-шығуы керек. Алайда, тиісті басқарма аталған заңнамаға өзгеріс дайындамақшы.
Мұндай бастамаға тұрғындардың ауладағы көліктің көптігіне қатысты шағымдары себеп болған.
Дегенмен, бұл бастама жақын уақытта қолға алынбауы мүмкін.
Фото: Baq.kz