Бүгін Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары сөз сөйледі.
Мемлекет басшысының арқасында еліміздің тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктерін айтқан Мұхтар Құл-Мұхаммед: «Тәуелсіздік жылдары еркін ойлы, азат тұлғалы, Сіздің жаңашыл реформаларыңызды батыл қолдайтын қайтпас қайсар, жігерлі, жаңа ұрпақ қалыптасты. Ел тәуелсіздігінің ең басты жетістіктерінің бірі осы деп білемін», – деді.