Ақтөбе облысында 13 жылдан кейін алғаш рет жасанды жолмен ұрықтандырылмаған үшем дүниеге келді, деп хабарлайды Baq.kz «МойГОРОД» порталына сілтеме жасап.
Үшемнің үшеуі де ұл бала. 54 жастағы инженер-механиктің үшемнен бөлек, төрт баласы бар. Үлкені Ануар 13 жаста, үш қыздың кенжесі Томирис 3 жаста екен. Жаңа туған сәбилердің денсаулығы жақсы, әрқайсысының салмағы 2700 грамм, қазір олар дәрігерлердің бақылауында. Үшемге әлі есім берілмепті.
«Үйге барып "жиналыс" жасаймыз. Туған-туыс болып ақылдасып, ортақ шешімге келіп, содан кейін барып есім береміз. Есім беру өте маңызды деп ойлаймын. Сол үшін асығудын қажеті жоқ», - дейді үшемнің анасы Таңнұры Жакина.
Фото: vasilisaa.ru