«Әйгілі палуан Жақсылық Үшкемпіров ауыл шаруашылығына бет бұрып, асыл тұқымды мал бордақылайтын кешен мен қасапхана ашты. 12 000 бас ірі қарасы бар. Жақсылықтың шаруашылығы соңғы 3 жылда 165 тонна ет экспорттады, деп жазады "Қазақстан" ҰТА.
Білесіздер, ол Олимпиада чемпионы болған жігіт. Ешқандай шаруашылықпен Тәуелсіздікке дейін шұғылданған жоқ. Міне, қазір қандай адам болды. Айтайық, Исламбек Салжанов құрған «Алтын қыран» компаниясы экономикамыздав 300 млн. доллар инвестиция салып, 1000 адамды жұмыспен қамтып отыр», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Фото: forum.animaliya.ru