Астана-Қарағанды жолында боранға байланысты жүк көліктері жолда қалды

Қазіргі уақытта 50 жүк көлігі, оның негізгісі өте ауыр жүк көліктері жолда тұр.
Астана-Қарағанды тас жолында жүк көліктері жолда қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақавтожол» РМК баспасөз хатшысы Олжас Баймухановтың ақпаратына сілтеме жасай отырып.

«Қазіргі уақытта 50 жүк көлігі, оның негізгісі өте ауыр жүк көліктері жолда тұр. Қалғандары кері бұрылып кеткен. Жол полиция бекеттеріне келіп тірелген көліктер, жүруге рұқсат болмағандықтар кері бұрылып кетті. Мың, мың жарым көлік жолда қалды деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді», деді Олжас Баймуханов.

«ҚазАқпаратқа» берген ақпаратында ол жолда ауыр жүк көліктері ғана қалғанын нақтылай кетті. Сонымен қатар, айтуынша, кешеден бері Ақмола облысындағы 8 жол учаскесінде көлік қозғалысына тыйым салынған. «Ал қазіргі уақытта Ақмола облысы бойынша 4 жол учаскесінде жол жүруге тыйым салынып отыр. Атап айтқанда, Қарағанды бағытындағы Екатеринбург-Алматы тас жолы, Астанадан Қарағанды облысы шекарасына дейінгі жол, нақтырақ айтқанда Осакаровка ауданында қатты боран соғып тұр. Қарағанды облысы тарапынан Астана-Киевка-Теміртау тас жолы, Ақмола облысы шекарасынан Теміртау қаласына дейін қатынайтын жолдар жабылды. Себебі, ол жақта қарлы боран басылған жоқ», - деді ол. Оның айтуынша, сағат 11-де Қостанай облысына жол ашылды. Павлодар облысына да жол ашылып қалуы ықтимал. «Астана-Қарағанды жол учаскесінде жолдан өте алмаған көліктердің топталуын жоққа шығармаймыз. Себебі, онда қарлы боран тоқтаған жоқ. Мұнда шешімді тек біз қабылдамаймыз, ІІД мен ТЖД-мен бірлесе отырып талқылаймыз. Әзірге аталған жол жабық», - деп нақтылады О.Баймуханов.

Фото: www.inform.kz


Актау Актобе Алматы Кызылорда Нур-Султан Семей
Следите за новостями zakon.kz в: