Қазақстанда алдағы 3 күнде аяз күшейеді

Аязға қалың қар мен боран қосылады. Бұл ауа райын күрделендіре түспек.
Қазақстанның барлық аумағында алдағы үш тәулікте күшті аяз болады деп күтілуде. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат.

Карск теңізінен арктикалық ауа Қазақстанның солтүстік аудандарына жетіп, аяздың күшеюіне себеп болды.

Алдағы үш тәулікте 5-15º С климаттық нормадан төмен температурамен аяз оңтүстік-шығыс бағытқа араласып, біртіндеп Қазақстанның барлық аумағын қамтиды.

Аязға қалың қар мен боран қосылады. Бұл ауа райын күрделендіре түспек.

Фото: www.inform.kz

Следите за новостями zakon.kz в: