Жыл басынан бері азаматтарға дөрекі сөйлеген 65 мемлекеттік қызметкер жазаланды

Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мәліметі бойынша, олардың басшылары заң бұзушылыққа атүсті қараған.
Жыл басынан бері азаматтарға дөрекі сөйлеп әрі міндетін білмеген 65 мемлекеттік қызметкер жазаланған. Дегенмен, олардың 3 пайызы ғана заң бойынша жауапкершілікке тартылған, деп жазады Алматы теларнасы.

Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мәліметі бойынша, олардың басшылары заң бұзушылыққа атүсті қараған. Нәтижесінде, қызметкерлер ескертпе, сөгіс алумен шектелген екен. Бірақ жаңа жылдан кейін тәртіп қатаңдатылмақ. 2017-ші жылдың қаңтар айынан бастап, «Б» корпусына жататын мемлекеттік қызметкерлерді жоспардан тыс аттестация күтіп тұр. Осы тексеріс арқылы мамандардың жұмысқа деген қабілеті анықталатын болады.

«Мемлекеттік қызметкердің істеген әрбір жұмысы 5 балдық жүйе бойынша бағаланады. Ал, ережені бұзғаны, айыппұл санкциялары мен еңбек және орындау тәртібін бұзғаны үшін сол балдан алынады», - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Айгүл Байханова.

Фото:today.kz
Актау Актобе Алматы Кызылорда Нур-Султан Семей
Следите за новостями zakon.kz в: