Екібастұз қаласындағы көпқабатты үйдің бесінші қабатында өрт шығып, салдарынан 36 адам сыртқа шығарылды, деп хабарлайды Bnews.kz.
Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, эвакуацияланған азаматтардың 10-ы – балалар.
«Бір бөлмелі пәтер өртенді. Салдарынан 29 жастағы азамат 1-2 деңгейлі күйік жарақатын алды. Қазіргі таңда зардап шеккен тұрғын Екібастұз қалалық ауруханасында ем қабылдауда», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
Тілсіз жаумен күресуге 5 өрт сөндіруші мен арнайы техниканың 5 бірлігі жұмылдырылды.
Айта кетейік, Ертіс өңірінде жыл басынан бері 700-ден астам өрт болды, салдарынан 20-дан астам адам көз жұмды. Оның ішінде тұрғын үй секторында 492 өрт тіркелді, бұл орын алған өрттердің 67 %-ын құрайды.
Фото: bnews.kz