Нұрлан Ноғаев композитор Илья Жақановтың иығына шапан жапты

Концерттің соңында жиылған халық композитордың “Еділ-Жайық ” әнін бірге шырқап, шашудан ауыз тиді.
25 желтоқсан күні Атырауда композитор, жазушы Илья Жақановтың “ Еділ-Жайық” атты ән кеші өтті. Кешті Атырау облысы тұрғындары және қонақтарымен қатар аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев тамашалады. Мерекелік концертке, сонымен қатар, ақын Маралтай Райымбекұлы мен Бақұштап Бақтыгереева, құрметті теміржолшы Амангелді Селбаев пен белгілі заңгер Бекет Тұрғараев та келді.
Концертте композитордың “Сол бір ән ”, “Түнгі Серенада”, “Толағай ”, “ Әселім” сынды әндері шырқалып, көрерменнің көңілін жібітті.
Ән кешіне арнайы келген аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев: “Өнер адамдарының еңбегін килограммен, тоннамен, метрмен өлшеуге болмайды. Олардың жұмысын елдегі бейбітшілік пен қоғамдағы тазалықтан байқаймыз ”, - деді.


Облыс әкімі композитор Илья Жақановты биылғы 80 жылдық мерейтойымен құттықтай отырып, жұбайы Тиыш апа екеуінің иығына шапан жауып, Елбасы атынан «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапаттады.
Концерттің соңында жиылған халық композитордың “Еділ-Жайық ” әнін бірге шырқап, шашудан ауыз тиді. Ал Илья Жақанов кешке келген көрермендер мен әншілерге алғыс айтты.
Айта кетелік, Илья Жақанов – композитор, жазушы, публицист, музыкатанушы, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. “Біржан сал”, “Ақан сері”, “Үкілі Ыбырай”, “Естай әнші” сынды зерттеу еңбектерінің, “Ықылас” романының, “Қайта оралған ән”, “Қош бол, вальс” повестерінің, халық арасында кең таралған “Әселім әнім”, “Даниярдың әні”, “Ақ қайың”, “Жайлаукөл кештері” әндерінің авторы.
Следите за новостями zakon.kz в: