Шығыс Қазақстанда шаруа қожалықтарын су басу қаупі туындады

Адамдар мен 500-ге жуық ірі қара және ұсақ мал 5-6 шақырым жердегі көршілес қыстауларға жедел көшірілді.
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Кеңсай ауылдық округіндегі «Жайдақ» учаскесінде Мұжық өзеніндегі су арнасы қатып, су деңгейі көтерілді. Соның салдарынан «Қарақұм» және «Немерелі» шаруа қожалықтарын су басу қаупі туындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірдің ТЖ департаментіне сілтеме жасап.

Зайсан ауданының ТЖ бөлімшесі, «Шығыс аймақтық аэромобильді жедел-құтқару жасағы» мен «Зайсан аудандық Қазселқорғау» күштері мен құралдары жедел дайындыққа келтірілді. Аудандық ТЖ комиссиясының жедел шешімімен адамдар мен шаруашылыққа тиесілі мал бірнеше сағатта жақын қыстауларға көшірілді. Адамдар мен 500-ге жуық ірі қара және ұсақ мал 5-6 шақырым жердегі көршілес қыстауларға жедел көшірілді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. «Өзендегі су деңгейі тұрақты түрде бақылануда», - деп атап өтті облыстық ТЖ департаменті.

Фото: inform.kz
Следите за новостями zakon.kz в: