Қостанайда футбол бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің бас бухгалтері Олеся Дациева 3,5 млн теңгеге жуық қаражатты жұмсап жібергені үшін сотталды. Қостанай №2 соты оны ҚР ҚК 189-бабы 3-бөлігі бойынша айыпты деп танып, оған мүлкін тәркілей отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, деп жазады ҚазАқпарат.
Мемлекеттік айыптаушы Дациева 2012-2015 жылдар кезеңінде жарыс өткізу бойынша қаржы шығындарын төлеген кезде корпоративтік карточкадан барша қатысушыға, бапкерге арналған қолма-қол қаражатты шешіп алып, ақшаны кассаға қайтармағанын дәлелдеді.
Жұмсалған қаражаттың жалпы саны шамамен 1,4 млн. теңгені құрады. Дациева корпоративтік карточкадан тағы 1,9 млн. теңгені шешіп алып, өз қажетіне жұмсаған. Сот талқылауы барысында сотталушы кінәсін мойындағысы келмей, растайтын құжаттар ревизия кезінде бухгалтериядан құпия түрде жоғалып кеткенін айтты.
Дациева бұл оқиға мектептің жаңа директорымен жұмыс және жеке мақсаттағы дау-дамайы кезінде болғанына сенімді. Бас бостандығынан айыру, мүлкін тәркілеумен қоса, сотталушы ұйымдастыру-өкімдік, әкімшілік-шаруашылық қызметтерге байланысты мемлекеттік қызметте лауазымды қызметті иелену құқығынан айырылды. Дациева дене шынықтыру, спорт бөліміне жұмсалған бюджет шығынын қайтаруға міндетті.
Фото: inform.kz