Өз келінін 11 жерінен пышақтап тастаған Ақтау тұрғыны сотталды

Әйелдің кеудесі мен ішінен қан кетеді. Оны дер кезіне емханаға жеткізгендіктен аман қалды.
Ақтау тұрғыны мас күйінде інісінің әйелін пышақтап, ауыр жарақаттар салды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотында мәлім болды, деп хабарлайды stan.kz.

Оқиға жаз айында болды. 45 жастағы тұрғын Өмірзақ ауылындағы үйіне барған. Оның інісінің әйелі мен екеуінің арасында ұрыс туады. Келіні мас күйінде жүріп өз күйеуін де ішімдік ішуге үйрететінін айтады.

Қайынағасы осы кезде асүй пышағын ала салып, келінінің денесін жарақаттайды.

Әйелдің кеудесі мен ішінен қан кетеді. Оны дер кезіне емханаға жеткізгендіктен аман қалды.

Мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен айыпталушы 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Фото: TVnet.ru
Следите за новостями zakon.kz в: