Астанада Жаңа жыл қарсаңында Есіл өзенінде үлкен сағат орнатылды. Циферблаттың диаметрі - 17 метр, жарық диодтар түнде әдемі композицияны құрайды. Конструкцияның ерекшелігі – ол өзенде орналасқан.
Сағаттың айналасындағы аумақ қыста демалуға лайықты орын. Мұнда елорда тұрғындары мен қонақтары үшін сырғанақтар мен ауданы 8000 шаршы метрлік үлкен мұз айдыны жасалды. Сағат нақты механизммен жабдықталған және Жаңа жыл түні Есіл өзенінің жағалауындағы отшашу түнжарымда басталатын болады.
Айта кетейік, Есіл өзенінде орнатылған жаңажылдық сағат әлемдегі осындай ең үлкен сағат болып табылуы мүмкін. Манхэттенның жанында (Нью-Джерси штаты, АҚШ) Гудзон өзенінде орнатылған баршаға танымал Colgate сағатының диаметрі - 15,24 метр.